preloader
Жаңа Ұрпақ Мектебі NGS
Білім министрлігінің мемлекеттік лицензиясына
сәйкес әрекет ететін
Алматы қ., Ерменсай ықшам ауданы, Жәңгір хан көшесі, ғимарат 4 +7 (708) 704 55 44

Біздің кепілдіктеріміз

Жоғары сапалы білім.
1 Жоғары сапалы білім.
Біздің мектептің шақыртылған директорының Ресейдің ірі қалаларында білім беру жеке меншік секторында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, біздің педагогтарымыз – Қазақстанның үздік мұғалімдерінің қатарынан. Педагогикалық топтың мұндай деңгейі бізге оқушыларға жоғары сапалы білімге, міндетті емтихандарды табысты тапсыруға, ЖОО-ға түсуге және олимпиадалар мне конкурстарда жеңіске жетуге кепілдік беруге мүмкіндік туғызады.
Персонализация.
2 Персонализация.
Барлық оқушылар бірегей. Біз олардың әрқайсымен жеке жұмыс жасауға тырысамыз. Кәсіпті таңдау сәтінде өздерінің күшті жақтарын білуі және білімдерін қай салада тиісінше қолдануға болатынын түсінуі үшін оқушылардың таланттарын ашуға және дамытуға көмектесеміз.
Ыңғайлы тәртіп.
3 Ыңғайлы тәртіп.
Оқушының мектептегі күні оған қолайлы жағдайды және үйлесімді дамуды қамтамасыз ететіндей ұйымдастырылған. Алдымен негізгі пәндер топтамасы өткізіледі, одан кейін оқушылар қосымша білім бойынша секцияларға барады. Әрдайым үзілістерде, сабақтардың арасында оқушылардың демалуға және таза ауада серуендеуге мүмкіндігі бар. Барлық үй тапсырмалары мектеп қабырғасында орындалады.
Бағалаудың объективтілігі.
4 Бағалаудың объективтілігі.
Мектеп басшылығы бағалау жүйесінің объективтілігін үнемі қадағалап отырады. Оқушыларға ыңғайлы болуы және неге назар аудару керектігін білуі үшін бақылау жұмыстары үшін бағалар қойылғанда, мұғалімдер әрқашан түсіндірмелер мен ұсынымдарды қатар береді.
Дұрыс тамақтану.
5 Дұрыс тамақтану.
Мәзірді диетолог дәрігерлерінің ұсынымдары негізінде бас аспазшы әзірлеген және ол қоректік заттардың толық жиынтығын қамтиды. Ас мәзірі мектеп оқушыларының жасын, өнімдердің маусымдылығын және тағамдардың жұғымталдығын ескере отырып жасалған. 4 мезгіл тамақ талғамға сай бірнеше тағам түрлерін қамтиды, ол 20 күн ішінде қайталанбайды.
Медициналық бақылау.
6 Медициналық бақылау.
Мектептің өзінің медициналық қызметі бар. Жоғары білікті медициналық персонал кәсіптік жабдықтары бар арнайы кабинеттерде жұмыс жүргізеді. Оның міндеттеріне, сондай-ақ мектептің ас мәзірін бақылау жатады.
Қауіпсіздік.
7 Қауіпсіздік.
Біздің мектебіміз рұқсатты бақылау және басқару жүйесімен жарақтандырылған және күзет агенттігінің тұрақты бақылауында болады. Ғимараттың ішінде және сыртында 100-ден астам бейне бақылау камералары орнатылған.